Технология

Енді Павлодар облысында голландиялық роботтар сиыр сауады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын голландиялық Lely group компаниясы мен қазақстандық «БИК» шаруа қожалығы Павлодар облысында автоматтандырылған сүт фермасын ашу жөнінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz порталы ҚазАқпарат ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз Қазақстанда толықтай роботтандырылған бірнеше ферма салуды жоспарлап отырмыз. Қазақстанды зерттеп те үлгердік. Мұнда екі серіктесіміз бар, бірі Павлодарда, екіншісі Ақтөбеде. Бұл екі серіктестеріміздің тауарлары бүкіл ел бойынша сатылуда», - деді голландиялық компанияның ТМД елдеріндегі өкілі Йерун Кайзер Қазақстан-Нидерланд бизнес форумы аясында.

Оның айтуынша, компания әлемде бірінші болып сиыр сауатын және оларды азықтандыратын роботтар шығаруды қолға алған.

Бір робот 60 сиырды күніне үш рет сауа алады.

Зауыт жыл сайын шамамен 4 мың робот шығарады, мұндай бір құрылғының құны фермерлер үшін шамамен 150 мың еуроны құрайды.

Ол жақын арада компанияның Ресейдегі өкілдігі Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Астанада жергілікті қызметкерлер жұмыс істейтін шағын кеңсе мен қойма ашуды жоспарлап отырмыз», - деді Йерун Кайзер.