Технология

Бағдат Мусин Қазақстандағы интернеттің сапасына қатысты пікір білдірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байланыс операторлары өз желілері мен инфрақұрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернетке қосылу сапасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.

«Бүгінде біз абоненттер санының жылдан жылға артып келе жатқанын айтамыз. Негізінен ауылдық аймақтардан келетін абоненттер қосылған. Бұл барлық абоненттік база қолданыстағы телекоммуникация желілеріне жүктеме түсіреді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, мәселен олар белгілі бір көлемдегі құбыр арқылы көп мөлшердегі суды айдауға тырысқаны секілді. Бұл мүмкін емес. Сондықтан байланыс операторлары енді өз желілері мен инфрақұрылымын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Бұл бір күнде бітпейді, бірақ мен сіздерге сендіремін, әр оператор өз бағыты бойынша желілерін нығайтып, сапаны жақсарту үшін белгілі бір жаңартулар жасайды», - деп түйіндеді ол.