Bugin
Ақмола облысында қазандық жарылған кезде зардап шеккен қызметкер қайтыс болды. Бұл туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«1967 жылы туған отжағушы маман алған жарақаты мен күйік салдарынан емдеу мекемесінде қайтыс болды», - деді Иманқұлов.
Бұған дейін Ақмола облысындағы мектеп қазандығы жарылып, салдарынан үш адам зардап шеккені хабарланған.