Bugin

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасы: Құжатқа қол қойыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

14-19 қараша аралығында Қазақстан мен Өзбекстан шекараны шегендеу туралы жобаның қорытынды құжатын дайындады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстанның Ташкент қаласында Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті.

«Тараптар Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады» делінген хабарламада.

Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.

Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті.