Саясат

Мемлекеттік орындарда компьютер 18:30-да сөндіріледі

Төраға тапсырмасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев, мемлекеттік орындарда комьютерлердің 18:30-да сөндірілуін қадап айтты деп,-хабарлайды Zakon.kz сайтына Bugin.kz сілтеме жасап.

«Барлық мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын тиымды пайдалануын қадағалау керек және сегіз сағаттық жұмыстан кейін компьютерлердің толыққанды сөндірілуі маңызды. Аталған мәселе туралы сынды Елбасының өзі атап өткен болатын. Сондықтан бұл мәселені шешу үшін сағат 18:30-да мемлекеттік мекемелерде комьютерлер жаппай сөнуі тиіс»,-дейді Алик Шпекбаев. 

Төраға сонымен қатар, жұмыс барысындағы уақыт пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтау керектігін де сөзге тиек етті.