Әлем
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың Twitter-дегі аккаунты қалпына келді. Бұл туралы америкалық кәсіпкер Элон Маск әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
«Халық дауыс берді. Трамптың аккаунты қалпына келеді», - деп жазды Маск.
Twitter-дің жаңа иесі Маск бұған дейін бұрынғы президенттің әлеуметтік желідегі аккаунтын қалпына келтіру керек пе деген сауалнама жүргізген. Сауалнамаға 15 миллионнан астам қолданушы қатысты. 51,8 пайызы қалпына келсін деп жақтады, ал 48,2 пайызы қарсы дауыс берді. Ал Трамп сауалнама нәтижелеріне қарамастан, Twitter-ге қайта оралмайтынын айтты.