Спорт
Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов спорттағы мансабын аяқтағанын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол UFC-дегі (14-8) кезекті жанжалдан кейін төрешілердің әділетсіз шешіміне наразы болып, видеоүндеу жасады.
«Жекпе-жекті көрдіңіздер, не айтамын? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Маған жанкүйер болғанның барлығына рахмет айтамын. Енді сөз таластырғым келмейді. Қанша жекпе-жек жасасам да, төрешілер жеңісті маған бермейді», - деді Жұмағұлов.
Сонымен қатар спортшы мұны эмоцияға беріліп айтып тұрмағанын жеткізді.
Жалғас Жұмағұлов америкалық Чарльз Джонсонмен (12-3) жекпе-жекте төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұған қазақстандық спортшы наразы болды. Сондай-ақ ММА сарапшыларының көпшілігі төрешілер Жалғас Жұмағұловқа әділетсіз шешім шығарғанына сенімді болып отыр.