Bugin

Астанада өрттен бірнеше адамды құтқарған Асқар Забикулин қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін өрт сөндіруші Асқар Забикулин қайтыс болды, Bugin.kz порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлауынша, оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше тәулік бойы аянбай еңбек етті. 

«Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымы Асқар Забикулиннің туған-туыстарына, жақындарына қайғыра көңіл айтады. Ол өз ісінің маманы ретінде жадымызда мәңгі қалады. Асқар ақжарқын адам, жауапты қызметкер, кәсіби өрт сөндіруші және сауатты маман болды. Әріптестері арасында әділ, өз мамандығын сүйетін қызметкер ретінде құрметке ие» делінген хабарламада.

Асқардың артында әйелі мен екі баласы қалды.

ТЖМ қайтыс болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек көрсететінін мәлімдеді.