Әлем

Түркия Сирия мен Ирактың солтүстігінде әуе операциясын бастады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия Сирияның солтүстігінде және Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясына (КЖП) қарсы әуе операциясын жүргізуді бастады. Бұл туралы ақпарат Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің Twitter парақшасында жарияланды.

«Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі бұл операция БҰҰ Жарғысының 51-бабына, «Өзін-өзі қорғау» құқығына, сәйкес жасалғанын айтады» - делінген агенттіктің хабарламасында.

Еске салсақ, 13 қарашада жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 16:20-да Түркияның Ыстамбұл қаласы Истиқлял даңғылында жарылыс болды. Түркия билігінің мәліметінше, жарылысты күрд сепаратистері жасаған.