Bugin
Қазақстанда президент сайлауы аяқталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 15 өңірінде, ал 21:00-де Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру аяқталды.
Еліміздің барлық өңірінде ашылған 10 033 сайлау учаскесі жұмысын тоқтатты. Енді учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетендерді санайды.
Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 282 607 азаматы бюллетень алды. Бұл - тізімге енген азаматтардың 69,31 пайызы.