Bugin

Назарбаев Тоқаевқа үн қатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сізді Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісіңізбен риясыз көңілмен құттықтаймын!

Бұл – мемлекет басшысы ретіндегі беделіңіздің айшықты айғағы. Сондай-ақ ауқымды реформаларыңыз бен тың бастамаларыңызға және тәуелсіздік тағдыры таразыға тартылған сын сағатта көрсете білген табанды да шешімтал мінезіңізге, ақыл-парасатыңызға деген халықтың қалтқысыз сенімінің даусыз дәлелі» делінген тұңғыш президенттің құттықтауында.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы Тоқаевтың алдағы уақытта да баршаның алғыс-ризашылығы мен құрметіне бөлене беруіне тілектес екенін білдірді.