Bugin
Қарағанды аумағында қаржы пирамидасын құру фактісі тіркелді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық схема жылына теңгедегі салымдар бойынша 24%-ға дейін және шетел валютасында 6%-ға дейін немесе ай сайын 5%-ға дейін жылдық табыс алу шартымен инвестиция тарту болған.
Яковлева И.В. 2015 жылдың наурызынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Қарағанды және Павлодар облыстарында «Лидер Капитал 168 микроқаржы ұйымы» ЖШС филиалдарын ашып, осы қаржы пирамидасын басқарды.
Осылайша, Яковлева И.В. өзінің қылмыстық әрекеттері арқылы жәбірленушілерге 180 млн теңге көлемінде материалды залал келтірген.
Яковлева Ирина Викторовна сот үкімі бойынша кінәлі болды. Оған қаржы ұйымының, банктың және сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару құқығынан және 7 жыл мерзiмге қаржылық ұйымның қатысушысы құқығынан айырды. Сондай-ақ 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.