Әлем

Гүл сақталған қойма өртеніп, бірнеше адамның өмірін жалмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей астанасы Мәскеу орталығындағы Комсомол алаңында орналасқан гүлдер қоймасында болған өрттен 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz портал ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ресейдің Төтенше жағдайлар мемлекеттік мекемесінің баспасөз қызметі тағы бір адамның зардап шеккенін хабарлады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13-те гүлдер қоймасынан өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Өрт сөндірушілер ғимараттан 7 адамды алып шыққан. Өрттен кейін бірінші және екінші қабаттың арасындағы қабырғалар құлады. Жалын 2,5 мың шаршы метрді шарпыған. Кейінірек өртті сөндіргені туралы хабарланды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61