Bugin

Дәрі-дәрмек бағасы бірнеше пайызға қымбаттады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде биыл бір жылда дәрі-дәрмек бағасы 13,3%-ға өсті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EnergyProm.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құндық мәнде 112 млрд теңге болды.

Шымкентте дәрі көп өндірілген, ол 46 млрд теңгеге жетті. Жетекші өңірлердің үштігіне Алматы облысы (31,1 млрд тг, жылына 23,4% өсім) және Алматы қаласы (16,2 млрд тг,  7,7% өсім) кірді.

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша елге 1 млрд доллар сомасына 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Заттай өсім 17,3%, ақшалай өсім 25,8%-ға тең. 

ТМД елдерінен 101,3 млн долларға 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Импорттың негізгі көлемін Ресей алады: 4,6 мың тонна дәрі-дәрмек алынды, бір жыл бұрынғыға қарағанда, 16,6%-ға аз. Негізгі жеткізушілердің үштігіне Беларусь пен Украина да кірді.

Қазақстанға ТМД құрамына кірмейтін елдерден 900 млн доллар сомасына 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелді. Қытай ҚР үшін негізгі жеткізуші болды: 2,6 мың тонна дәрі-дәрмек алынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда, 2,1 есе көп. Үздік үштікке Германия мен Үндістан кірді.

Биыл қазан айының қорытындысы бойынша, елімізде фармацевтика өнімдерінің бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті.

Бағаның өсімін Алматы тұрғындары қатты сезінді: баға бірден 17,5%-ға қымбаттаған. Антилидерлердің бестігіне Маңғыстау (17,1%-ға), Ақтөбе (16,7%-ға), Жетісу (16,2%-ға) және Жамбыл (14,4%-ға) облыстары кірді. Ең төмен жылдық өсім Қызылорда облысында байқалды, небәрі 8,9%-ға қымбаттады.