Қоғам

Павлодарда «ер азамат» әйелін бес жерден пышақтаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодар қаласында тұратын Айдана есімді келіншекті күйеуі аңдып жүріп, бес жерінен пышақтап кеткен. Үш баласы бар келіншек әділдік іздеп, бастан өткен қорқынышты оқиғасын қоғамдық қозғалыс өкілдеріне айтып берген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

«Менің атым Айдана, үш балам бар, кенжем - алты айлық. Қарашаның 17-сі күні жұмыстан шыққан соң, Амангелді көшесінен Назарбаев даңғылына қарай жүріп келе жатқанымда, артымнан күйеуім тап беріп, бетімді, иығымды, басым мен қолымды бес жерден пышақтап кетті. Көп қан кетті. Осы жағдайда әділдікке жету үшін көмек сұраймын», - деген Айдана оны кімнің және не үшін пышақтағанын айтып берген. 

«Күйеуім екеуміз бір айдан астам уақыт бойы бірге тұрмаймыз. Оған полиция маған жақындамау туралы ескерту қағазын берсе де, ол талапты бірнеше рет бұзды. Бірақ үнемі айыппұл төлейді де қояды. Мен Ақсу қалалық ішкі істер бөліміне, учаскелік полиция Азамат Шоланов пен Қуаныш Дәуренбектерге бірнеше рет арызданғанмын, алайда одан түк шықпады», - дейді ол.

17 қарашада Айдананың күйеуі оған телефон шалып, «өлтіремін» деп қорқытқан. 

https://azattyq-ruhy.kz/

 

«Күндіз маған құпия нөмірмен хабарласқан ол «өлтіремін» деп қорқытты. Кешке жақын Амангелді көшесінің бойындағы жұмысымнан шыққанда, Назарбаев даңғылының бұрышында әкем күтіп тұрып, үйге алып кетуі керек еді. Әкем жолда келе жатты. Мен туыс әпкеме телефон соғып, сөйлесіп келе жаттым. Ол мұны растай алады. Сол сәтте артымнан тап берген күйеуім басыма пышақ сұға бастады, артыма қарап, қарсылық танытқанда, бетімді тіліп жіберіп, иығым мен сол қолымды пышақтады. Мен телефонға айқай салдым, туысым тұтқаны тастап, анама хабарласқан. Сол сәтте ол пышағын қалтасына салды да, №24 мектепке қарай кетіп қалды. Телефонымды қолға алып, полиция шақырып, жедел жәрдем шақыруын сұраттым. Жедел жәрдем келгенше, көп қан кетті», - дейді Айдана. 

Айдананың айтуынша, полиция бұл істі «Денсаулыққа жеңіл жарақат тигізу» бабы бойынша қарамақ.

«Бұл адам әйелін аңдып, әдейі ұйымдастырып, суық қарумен оны пышақтап кетті. Оның алдында өлтіремін деп қорқытты. Бұл жерде Қылмыстық кодекстің 106-бабы мен 110-бабы бар», - дейді оқиғаға қатысты пікірін жазған «НеМолчи» ұйымының жетекшісі Дина Таңсәрі. 

Павлодар облысының полиция департаменті бұл іске қатысты мәлімет бере отырып, факт Павлодар қаласының полиция басқармасы орталық полиция бөлімінде тіркелгенін хабарлаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.