Әлем

Сирия Түркия қаласына оқ жаудырды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирия Түркияның Қарқамыш қаласына оқ жаудырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Habertürk арнасына сілтеме жасап.

Телеарна хабарлауынша, тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясы мен халықтың өзін-өзі қорғау күшінің мүшелері қалаға кемінде төрт зымыран атқылаған. Кейбір снарядтар қала орталығында жарылған. Жараланғандар бар, бірақ құрбан саны нақтыланбады.

Еске салсақ, Түркия Сирияның солтүстігі мен Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшы партиясының сириялық қанатына қарсы әуе операциясын бастаған. Бұл ақпаратты Түркияның қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған Anadolu агенттігі таратты.

20 қарашада күрдтердің Сирия демократиялық күштерінің өкілі Фархад Шами Түркия Сирияның солтүстігіндегі Кобани қаласына шабуыл жасап жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61