Әлем
Қазақстанның дамуы Ресей Федерациясының мүдделеріне сәйкес келеді және Мәскеудің қызығушылығын тудырады. Бұл туралы Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Журналистер Ресей президентінің баспасөз хатшысынан Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу қажеті жайлы мәлімдемелеріне баға беруді сұрады.
«Қазақстан – біздің маңызды серіктесіміз және одақтасымыз. Әрине, онда болып жатқан оқиғалардың барлығы біздің елде үлкен қызығушылық тудырып, барынша мұқият бақыланып, талданады. Қазақстанның мемлекет ретінде, экономикалық тұрғыда дамуы қазақстандықтардың өз мүддесіне де, ресейліктердің де мүддесіне толық сәйкес келеді», - деп жауап берді Песков.