Bugin

Атырауда алып сәби дүниеге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Атырауда алып сәби дүниеге келді. Сәбидің салмағы ірі болған соң, кесір тілігі жасалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Облыстық перинаталды орталықта салмағы 5 келі 700 грамм, бойы 64 сантиметр болатын сәби дүниеге келді. Бүгінде ана мен нәрестенің жағдайы жақсы. Әйел төртінші баласын кесір тілігі арқылы дүниеге әкелді» деп жазылған хабарламада.

Медицинада ұрық салмағы 4 келіден асса – ірі, ал 5 келіден асса – алып саналады. Бұл – биыл Атырау облысында дүниеге келген алғашқы алып сәби.