Әлем
АҚШ президенті Джо Байден Нью-Йорк штатында қалың жауған қарға байланысты төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақ үйдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақ үйдің хабарлауынша, мемлекет басшысы қатты дауыл мен қарлы боранның салдарын жою үшін штат пен жергілікті биліктің күш-жігеріне қосымша федералдық көмек көрсетуді тапсырған.
«Атап айтқанда, төтенше жағдайларды басқару федералдық агенттігі төтенше жағдайдың салдарын жою үшін қажетті жабдықтар мен ресурстарды анықтауға, жұмылдыруға және өз қалауы бойынша қамтамасыз етуге уәкілетті» делінген хабарламада.
20 қарашада АҚШ билігі рекордтық жауған қар салдарынан үш адамның қаза тапқанын хабарлады. Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул кейбір аймақта бір сағатта 1,82 метр жауын-шашын жауғанын айтты.
«Мұндай көлемдегі қармен тарихта қалатынымызға сенеміз», - деп мәлімдеді ол.