Әлем
Еуропалық одақтың Украинаны ұйымға қабылдауға мүмкіндігі жоқ және берген уәдесін орындай да алмайды. Бұл туралы Португалия премьер-министрі Антониу Коста CNN Portugal арнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
«Бұл дағдарысты өршітіп, осы мәселені бірінші орынға шығарды. Әсіресе Украинаға ерекше қатысы бар. Сондай-ақ Еуроодақ Батыс Балқан елдерінде жылдар бойы берген көптеген уәдесі арқылы үміт оятады. Шынын айту керек, қазіргі институционалды және бюджетті келісімдер бойынша ЕО үмітті ақтай алмайды», - деп мойындады Коста.
Ол ЕО-да ұйымға жаңа мүшелерді қабылдау мүмкіндігін анықтайтын критерий жоқ екенін атап өтті.
Бұған дейін Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Игорь Жовква Киев 2023 жылы Брюссельден көбірек қаржылай көмектесетініне үміт артып отырғанын айтқан.
«Біз Еуропалық одақтың Украинаға қаржылай көмегін көбейтетінін асыға күтеміз. 2023 жылға 18 миллион еуро көлеміндегі макроқаржылық көмекті бөлуге қолдау көрсететініне сенеміз», - деген еді ол.