Әлем
Индонезияның Ява аралындағы жер сілкінісінен кем дегенде 162 адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті. Бұл туралы аймақ губернаторы Ридуан Камил мәлім етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ВВС агенттігіне сілтеме жасап.
АҚШ геология қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы – 5,6. Оның эпицентрі аралдың батыс бөлігіндегі Чианджур қаласынан 10 км тереңдікте орналасқан.
Көптеген адам ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер көбіне көшеде көмек көрсетуге мәжбүр болып отыр. Құтқарушылар үйінділердің астынан адамдарды іздеп жатыр.
Жер сілкінісі болған жерде халық тығыз қоныстанған, үйлер нашар салынған, тіпті бүгінде қоқыс үйінділеріне айналған.
Сондай-ақ Батыс Ява губернаторы Ридуан Камил 326-дан аса адам жарақат алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жараланғандар мен қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Өйткені апат аймағында, оның шалғай бөліктерінде әлі де халық бар.
Сонымен қатар губернатор 13 мыңнан аса адам өз үйінен кетуге мәжбүр болғанын және 2 мыңнан аса үй бүлінгенін айтты.