Bugin
Психиатр адамдар ұшу кезінде неліктен жылайтынын ғылыми тұрғыдан түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TheSun.co.uk агенттігіне сілтеме жасап.
Жолаушылар ұшу кезінде фильм көріп, жыларман болатындарын таңданыспен айтады. Олар мұның себебін өздері де білмейді. Флоридалық психиатр, доктор Рэнди Макинтош ұшудың эмоцияға қатты әсер ететінін айтады. Себебі саяхат жиі стресс тудырады, өйткені кейде келеңсіз оқиғалар да болып тұрады.
«Сіз күні бойы стресс болып жүріп, ұшаққа мінуіңіз мүмкін. Әуеде эмоцияңыз шыға бастайды, құдды бір жерде мұндай мүмкіндік жоқ секілді болады», - дейді маман.
Сонымен қатар ұшу биіктігінде жолаушыларда гипоксия ( ағзадағы оттегінің төмен деңгейі) пайда болады. Бұл адамды эйфорияға немесе әдеттегіден гөрі күйзеліске ұшыратуы мүмкін.
АҚШ Ұлттық медицина кітапханасының «Биіктіктің когнитивтік қабілеттер мен көңіл-күй жағдайы» атты зерттеуінде «биікте сезінетін бастапқы көңіл-күй - эйфория, содан кейінгісі - депрессия» деген.
Сонымен күйзелістің үйлесуі және биіктің денеге әсерінен эмоционалды күй шығады. Осыдан жолаушылар жылай береді.
Доктор Джоди Де Лука бақылау жасалмағандықтан, сұраққа нақты жауап бере алмайды.