Bugin

Болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандық белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болашақта сұранысқа ие болатын бес мамандықты атады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Біріншісі, ақпараттық технологияға байланысты мамандық. Оның ішінде - ақпаратпен жұмыс істейтін инженерлер. Екіншісі, ұстаздар. Елімізде демография тұрғысынан өсір жатырмыз. Сондықтан көп мектеп салынады. Оған 120 мыңға жуық мұғалім даярлау керек. Үшіншісі, медицина қызметкерлері. Пандемия нені көрсетті? Эпидемиология, вирусология, микробиология саласында мамандар тапшы», - деді Нұрбек.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, төртінші бағыт – көлік және тасымалдау. Жаһандану заманында осы саладағы мамандықтарға сұраныс жоғары болады.

«Бесіншісі, ауылшаруашылық саласы. Соңғы он екі жылда дүниежүзіндегі халық саны 8 миллиардқа жетті. Ал адамдар күніне үш рет тамақтанады. Сондықтан ауыл шаруашылығы, оның ішінде, агроном, ветеринар, өсімдіктерді қорғау, генетиктер еңбек нарығына қажет», - деп толықтырды министр.

Сондай-ақ ол алдағы 3-5 жылда 200-ден аса жаңа мамандық пайда болатынын ерекше атап өтті.

«Оның 40 шақтысы қазір 15 жоғары оқу орнында және 40-тан астамы колледжде оқытылады. Төрт мыңнан аса студент жаңа мамандық бойынша дәріс алып жатыр. Ал 95 мамандық өкінішке қарай күрт өзгереді. «Мамандықтар атласы» жобасынан қарап шықсаңыздар болады», - деді Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ, оның айтуынша, 120-дан аса мамандық еңбек нарығынан кетеді.