Спорт

Жәнібек Әлімханұлы әлемдегі үздік боксшылар тізіміне енді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

World Boxing News порталы 2022 жылғы қарашадағы жағдай бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең үздік 50 боксшының қазіргі рейтингісін ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Жақында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы өзінің әлем чемпионы титулын сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімге алғаш рет енді. Ол рейтингіде 49-орында тұр.

IBF, WBA Super және IBO орта дивизионының иегері Геннадий Головкин тізімнің 28-қатарында.

Тізімде украиналық супер ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF чемпионы Александр Усик көш бастады. Екінші орында - екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.

Бұған дейін хабарланғандай, WBO Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) мен одан салмағы төмендеу мексикалық бұрынғы чемпион Хайме Мунгия (41-0, 33 КО) арасында жекпе-жек белгіледі.