Bugin
26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының сайланған Президенті ретінде тіркеді. Сайланған Президенттің ант беру күні 26 қарашаға белгіленді", - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өткен Қазақстан Президенті сайлауының ресми қорытындысы жарияланды. Қорытынды бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланды.