Спорт
Желіде 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатының ашылу матчынан кейін жапондық жанкүйерлер Эль-Байт стадионында қоқыстарды тазалап жатқанын көрсететін видео пайда болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Бір қызығы, олардың командасы бұл күні ойынға шықпаған. Олар Катар мен Эквадор құрамаларының жанкүйерлері мен басқа да көрермендерден кейін стадионды өз еркімен тазалады.
Жанкүйерлер мұндай тәртіпсіздікке көз жұмып, қоқысты тастап кете алмайтындарын және мұндай әдемі жерді құрметтеу керегін айтты.
«Сізге істеп жатқаныңызға рахмет. Сізге үлкен құрмет. Бірақ неге басқалардың артынан тазалайсыз?», - дейді видеодағы Катар азаматы жапон жанкүйерлерінен сұрап.
«Біз ешқашан қоқыс қалдырмаймыз. Жапондар ешқашан қоқыс тастамайды. Біз кез келген жерді құрметтейміз», - деп жауап берді жапондық әйел.