Bugin
Талдықорғанда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 21 қарашада автовокзал маңында Талдықорған қаласының үш тұрғыны үш жерге бару үшін такси жалдаған. Жолда такси жүргізушісі клиенттерге түнгі тарифпен төлеу керектігін еске салады. Жолаушылар оған дөрекі жауап қайтарғаны ер адамдардың арасында жанжал туындауына себеп болған. Төбелес кезінде көлік жүргізушісі жиналмалы пышақпен клиенттердің бірін ауыр жарақаттайды. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.
Қазіргі уақытта 27 жастағы такси жүргізушісі түсінік беру үшін қалалық полицияға жеткізілді.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, аталған факті бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») сәйкес жүргізіледі.