Әлем

37 жылдан кейін анықталды: 30-дан аса адамды өлтірген маньяк туралы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аустралия полициясы әйелдерді зорлап, талай кісіні өлтірген маньяк кім екенін 37 жылдан кейін анықтады деп хабарлайды Bugin.kz порталы Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Полицияның дерегіне сенсек, оның аты – Кит Симмиз. Ол 2022 жылғы ақпанда 66 жасында көз жұмған. Оның кім екені жаңа ДНҚ технологиялардың арқасында белгілі болған.

Прокуратураның хабарлауынша, қылмыскер 1976 және 1986 жылдары аралығында 31 адамды өлтіріп, 19 әйелді зорлаған. Зорланғандар арасында 13 жастағы қыз балалар болған. Полицейлер оны табу үшін 10 жыл жұмсаған. 

Полицияның айтуынша, құрбандар саны бұдан көп болуы мүмкін. Себебі жәбір көргендердің кейбірі өткенді еске алғысы келмей немесе сот істеріне қатысқысы келмей полицияға шағым түсірмейді. 

Детективтер Кит Симмиз кім екенін оның отбасына да айтқан. Жақындарының сөзіне сенсек, Симмиз бұрын ешқандай заң бұзбаған, психикасы сау, есіркті шекпеген, алкоголь ішпеген.