Спорт

Месси Марадонасыз өтіп жатқан алғашқы әлем чемпионаты туралы айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық құраманың бұрынғы ойыншысы Диего Марадонасыз өтіп жатқан алғашқы әлем чемпионаты туралы айтты. Оның сөзі Халықаралық футбол федерациясының сайтында жарияланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Оны трибунадан көрмеу, ол жақындаған кезде адамдардың қалай айқайлағанын көрмеу біртүрлі болады. Ол біздің команданы жақсы көрді», - деді Месси.

Ол Марадонаның әрқашан Аргентина командасының жанында болғанын және болатынын мәлімдеді.

Марадона 1986 жылы Аргентина құрамасының құрамында әлем чемпионатын жеңіп алды. Ол футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылардың бірі болып саналады. Марадона 2020 жылдың қарашасында 60 жасында жүрек ауруынан қайтыс болды.

Катардағы әлем чемпионаты 20 қарашада басталып, 18 желтоқсанға дейін жалғасады. Қазіргі уақытта аргентиналықтар турнирдегі алғашқы ойынын Сауд Арабиясы құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен алда келеді. Сондай-ақ С тобында Мексика және Польша құрамаларымен ойнайды.