Спорт

Сенсация: Месси бастаған футбол құрамасы жеңілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: news.myseldon.com

Бүгін - Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының үшінші ойын күні. С тобында сынға түсетін Сауд Арабиясы құрамасы тұңғыш рет Аргентинаны жеңді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Ойынның 10-минутында аргентиналық Лионель Месси пенальтиден есеп ашты. Бірінші кезеңде бұдан кейін таблодағы есепте өзгеріс бола қоймады. Екінші кезеңде Сауд Арабиясы құрамасы ойынымен көзге түсті.

48-минутта Салех Аль Шехри есепті теңестірді, Салем Аль-Давсари 53-минутта өз құрамасын алға шығарды. Нәтижесінде Сауд Арабиясы Аргентинаны 2:1 есебімен жеңді.

Сауд Арабиясы құрамасы футбол тарихында тұңғыш рет Аргентинаны жеңді.