Bugin
Ғылым және жоғары білім министрлігі адамдарды өрттен құтқарып, кейін қайтыс болған өртсөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына грант бөлгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ғылым және жоғары білім министрлігі өрт сөндірушінің қазасына байланысты жоғары оқу орындары басшыларына Асқар Закибулиннің отбасына гранттар бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған.
Қазіргі уақытта екі отандық ЖОО грант беруге дайын.
«Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті Асқар Забикулиннің балаларына кез келген бакалавриат мамандықтарында ЖОО грантында оқуға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ балалары 2023 жылы жазда университеттің жатақханасында тұрып, IT-лагерьге және жазғы тілдік мектепке қатыса алады. Әйелі Анель Забикулина үшін «Адам ресурстарын басқару» мамандығы бойынша МВА-да оқуға грант бөлінді» делінген хабарламада.
AlmaU да батырдың келіншегі Анель Забикулинаның МВА бағдарламасында оқуына толық грант бөлді.