Bugin

Алматыда қай тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алуға болмайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қай тұрғын үй кешендерінен пәтер сатып алуға болмайды? Бұған Алматы әкімдігі жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, желіде құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары жоқ тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің сатылып жатқаны жайлы хабар тараған. Алматы әкімдігі мұндай үйлердің тізімін дайындады әрі олардан пәтер сатып алмауға кеңес береді.

  • KHAN клуб үйі - Бостандық ауданы, Витебская к-сі, 44/3, 44а, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ.
  • ​Castle Rock ТК - Бостандық ауданы, Ерменсай ы/а, Көлсай к-сі, 31/3, СЖТ, жоба эскизі - жоқ
  • Rich клуб үйі - Бостандық ауданы, Мирас ы/а 24/1, 24/2, 25/5, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
  • Esentai Terrace клуб үйі (бұрынғы Pine Hill резиденциясы) Медеу ауданы, 2-көше, 33 учаске, СЖТ - бар, жоба эскизі - жоқ
  • Alma Garden клуб үйі - Медеу ауданы, 6-көше, 7, 9 учаскелер, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • Chelsea Club House клуб үйі - Медеу ауданы, Таулы қырат, Сызғанов/Шукшин көшелері, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • "Цюрих" ТК - Наурызбай ауданы, Сейітбеков к-сі 18, 18А, 18Б, СЖТ, жоба эскизі - жоқ.
  • Flora ТК - Наурызбай ауданы, Тастыбұлақ ы/а, Таутаған көшесі 6, 8,10. СЖТ, жоба эскизі - жоқ
  • Lantana ТК - Наурызбай ауданы, Үлкен Алматы ауылдық округі. СЖТ, жоба эскизі - жоқ.

Салынып жатқан тұрғын үй кешені құжаттардың бар-жоғын қала құрылысын бақылау басқармасының жедел желісінің 8 (727) 229-81-36 телефон нөмірі арқылы тексеруге болады.