Спорт

Әлем чемпионатының ақтық ойыны қайда өтеді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Футболдан дүниежүзінің назарын аударған 2022 жылғы әлем чемпионатының басталғанына 3 күн болды. 20 қарашада Қатардың астанасы Доһа қаласында күллі әлем көз тіккен доп додасының ашылу рәсімі өтті. Биыл 18 желтоқсанға дейін жалғасатын 22-ші әлем чемпионатына 32 футбол құрамасы қатысады. Ең соңғы финалдық ойын 18 желтоқсанда кешкі сағат 21:00-де Лусаил қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Әлем чемпионатының басты аренасы

Жылдың елеулі оқиғасының арқасында Қатарда әлемнің әр бұрышынан жиналған туристер саны күрт өскен. Бүгінде футбол сүйер қауым үшін 8 стадион қызмет етеді. Соның ішінде әлем чемпионатының басты аренасына айналған алаңдардың бірі – Лусаил. Әлем үшін маңызды финалдық ойынның дәл осы алаңда өтуінің бірнеше себебі де бар.

Лусаил – ең ауқымды алаңдардың бірі. Оның құрылысына шамамен €700 млн қаражат жұмсалған. Спорттық алаңда финалдық ойынмен қоса, 10 матч өтпек. Бір сәтте Лусаил алаңынан ойынды 80 000 көрермен көре алады.

Фото: kalteng.tribunnews.com

Фото: kalteng.tribunnews.com

Батыс әлеміне еліктіретін дизайн

Доһа орталығынан 20 шақырым жерде орналасқан бұл стадионның құрлысы да өзгелерден ерек. Себебі оның дизайны жарық пен көлеңкені ұштастырған араб жарықшамын бейнелейді. Сыртқы көрінісінде елге тән өрнектер мен алтын түстес материалдар туристерге батыс әлемінен сыр шертеді. 16 тамызда «Лусаил» құрылысы мен дизайны үшін «5 жұлдызға» ие болған.

Қоғамдық орталық

22-ші әлем чемпионаты аяқталған соң, Лусаил стадионы көп функциялы қоғамдық орталыққа айналмақ. 2022 жылдың 9 қыркүйегінде ашылған стадионның аумағына келешекте аурухана, мектеп, дүкен сынды ғимараттар салынады.