Bugin
Мемлекеттік шекара арқылы электронды құжатпен өтуге болмайды. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз шекара қызметінен тиісті мәлімет алдық. Оған сәйкес, қазіргі кезде электронды құжатпен мемлекеттік шекарадан өтуге тыйым салынған», - деді Слямов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетейік, бүгінгі таңда жеке құжаттардың басым бөлігі цифрлық форматқа ауыстырылған. Жақында eGov Mobile қосымшасындағы цифрлық құжаттардың тізіміне төлқұжат та енгізілді.
Құжаттың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы цифрлық құжатты пайдалану өте ыңғайлы.