Әлем
Сәрсенбі күні Иерусалимде екі жарылыс болып, 14 адам жарақат алды. Екі лаңкестік әрекет нұсқасы тексеріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Иерусалимде екі теракт болды деген күдік бар. Бүгін таңертең сағат 07:00-де Гиват-Шауль қиылысындағы автобус аялдамасында жарылғыш құрылғы іске қосылып, 11 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Жарты сағаттан кейін Рамот қиылысындағы автобус аялдамасында тағы бір жарылыс болған. Үш адам жеңіл жарақат алды» делінген полиция мәлімдемесінде.
Оқиға орнына полиция келіп, тексеруге кірісті.
Өз кезегінде Иерусалим мэрінің орынбасары Флёр Хасан-Наум 18 адамның жарақат алғанын айтып, оқиғаны лаңкестік әрекет деп атады.