Bugin
Белгілі мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетов алдағы үш жылда Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын (ҰҚШҰ) басқаруы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бас хатшы кеңестің шешімімен Сыртқы істер министрлері кеңесінің (ҰҚШҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесі) ұсынысы бойынша мүше мемлекеттердің ішінен үш жыл мерзімге тағайындалады» делінген ҰҚШҰ жарғысында.
Егер Тасмағамбетов тағайындалса, 2025 жылдың соңына дейін ҰҚШҰ бас хатшысы болады.
Бұған дейін саясаттанушы Ербол Еділовтың Telegram-арнасында және Vlast интернет-басылымында Тасмағамбетов келесі ҰҚШҰ бас хатшысы болып, беларусь Станислав Застың орнына келеді деген ақпарат тараған.
Тасмағамбетов 2017 жылдың ақпанынан 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі елшісі, оған дейін 2016 жылдың қыркүйегінен бастап премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. Осы жылдар ішінде ол премьер-министр, қорғаныс министрі болды, Алматы және Астана қалаларының әкімі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар президент әкімшілігін басқарды және басқа да бірқатар маңызды мемлекеттік қызметті абыроймен алып шыққан.