Bugin
Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы қызметін атқарады. Бұл туралы Армения премьер-министрі Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Станислав Засm ҰҚШҰ-ның бас хатшысы ретіндегі үш жылдық қызметін аяқтап жатыр. Оған адал жұмысы үшін алғыс айтқым келеді.
2023 жылдың басынан бастап, алдағы үш жылда ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін Қазақстан өкілі Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов атқарады»,- деді Армения премьер-министрі.
ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері кіреді.