Bugin
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Астанадағы «Қаһарман» тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қазасына себеп болған өрттің себебін жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Биыл 16 қарашада Бауыржан Момышұлы даңғылы, №14 бойындағы «Қаһарман» тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Кеңейту желісінде апатты операция болып, соның салдарынан электр сымдары тұтанған» делінген хабарламада.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға электр желілері мен розеткаларды қалыпты жағдайда ұстауға баса назар аударуды ұсынады.
Еске салайық, 16 қарашада елордалық өрт сөндірушілер Астанада өртеніп жатқан пәтерден бес адамды аман алып қалған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, өртті сөндіру барысында өрт сөндірушілердің де аяқ-қолдары мен бетін күйік шалған. Асқар Забикулиннің денесінің шамамен 80 пайызы күйіп қалған.
20 қарашада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды. Дәрігерлер бірнеше күн бойы құтқарушының өмірі үшін күресті.
Кейін Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.
Президенттің тапсырмасымен ержүрек өрт сөндірушінің есімін ұмытпау мақсатында елорда көшелерінің біріне Асқар Зәбикулиннің есімі беріліп, оның ескертіші де орнатылады.