Bugin

Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада 32 жастағы келіншектің мәйіті өз пәтерінен табылды. Оқиғаға қатысты «Өз-өзін өлтіру» бабымен іс қозғалған. Бірақ марқұмның туыстары онымен келіспейді. Өзіне-өзі қол салуы мүмкін емес екенін айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм Асыл Тәпенова – Қызылорда облысы Арал ауданының тумасы. Соңғы жылдары Астанада жұмыс істеп жүрген. Келіншек қайтыс болар алдында бірнеше күн бұрын ауылдағы анасына хабарласпай кеткен.

«Хабарлассақ, алмайды. Сол жақтағы апаға көріп қайтуын өтіндік. Үй жағына барған апамызға көршілері қай күні айқай мен шыңғырғандай дауыс шыққанын айтыпты. Көршілері пәтердің есігін бұзып кірсе, келіншектің қансырап жатқанын көріпті», - дейді марқұмның ағасы Әділхан Маханов.

Марқұмның ағасы Асылдың өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін емес дейді.

«Әбден қинап өлтірген. Енді адам өзін олай өлтіре алмайды ғой. Адамның қолынан қаза тауып отыр. Кінәлі ұсталып, жазасын алса дейміз», - дейді ол.

Асыл Тәпенованың көршілері жас келіншектің жалғыз өзі тұрғанын айтады. Мәйітке жасалған сараптамадан соң, суицид деп қорытынды шығарылған. Бірақ туыстары мұнымен келіспейді. Асыл адам қолынан қаза тапқан болуы мүмкін дейді.

«Аталған іс бойынша Астана қаласының Сарыарқа аудандық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша заңды процессуалды шешім қабылданады», - дейді Астана қаласы ПД ресми өкілі Нұрәлі Тәңірбергенов.

Марқұмның туыстары тергеудің әділ жүргізілуін талап етіп отыр. Ал 32 жасында қайтыс болған Асыл Тәпенованың артында 10 жасар қызы мен 57 жастағы анасы қалған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61