Әлем

Хакерлер Еуропарламенттің ресми сайтына шабуыл жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Хакерлер Еуропарламенттің ресми сайтына шабуыл жасады. Euronews журналистерінің айтуынша, бұл «Ресей - терроризмнің демеушісі» деп танылғаннан кейін көп ұзамай болған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Біз бұған кім кінәлі екенін айта алмаймыз. Бірақ біз бүгін Ресейді терроризмнің демеушісі деп атайтын қарар қабылдағанбыз», - деп келтіреді Euronews атын атамауды өтінген Еуропарламент өкілінің сөзін.

ЕО-дағы ресми дереккөздер ресурстың хакерлер шабуылына тап болғанын растады. Атап айтқанда, Еуропарламенттің бас баспасөз хатшысы Джауме Дуч сайтқа сыртқы желілік трафиктің жоғары деңгейі әсер еткенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл DDoS шабуылының нәтижесі болуы мүмкін. Баспасөз хатшысының айтуынша, қазірдің өзінде Еуропарламент сарапшылары мәселені шешуге тырысып жатыр.

Бұған дейін 23 қарашада Еуропарламент Ресейді лаңкестікке демеуші мемлекет деп тану туралы қарар қабылдап, оны тиісті тізімге енгізген. Құжатқа сәйкес, бұл қаулы бойынша дауыс беру заңнамалық рәсімге жатпайды. Сондықтан оның заңды күші жоқ, ұсыныс түрінде және саяси сипатта болады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова жауап ретінде Еуропарламентті «ақымақтықтың» демеушісі ретінде тануды ұсынды. Ал Мемлекеттік Думада бұл қарар Киев режимінің әскери қылмыстарын ақтауға арналған әдіс деп танылды.