Bugin
Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы елдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сауал қойды. «Россия-1» мемлекеттік телеарнасындағы саяси ток-шоуда айтылған Қазақстанға қатысты мәлімдеме Кремльдің ұстанымымен қаншалықты ұқсас екенін сұрады. Журналист ресми жауапты өзінің Телеграм-арнасында жариялаған.
«...Бұл саясаттанушылардың пікірі үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ», - деді Песков.
Дмитрий Песковтың айтуынша, әртүрлі адам бар, көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.
Еске сала кетейік, Ресейдің «Россия-1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі Ресей үшін Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан екенін айтқан.