Спорт

Марадонаның ұлы: «Менің әкем мен Мессиді футбол түсінбейтіндер ғана салыстырады»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аты аңызға айналған аргентиналық футболшы Диего Марадонаның ұлы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Аргентина құрамасының Сауд Арабиясынан жеңілгенінен кейінгі эмоциясын бөлісті. Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы Лионель Месси туралы айтты, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

«Менің әкем мен Мессиді тек футболды түсінбейтіндер ғана салыстырады. Біз екі түрлі планета туралы айтып отырмыз. Бірақ мен Мессидің ойынына бірден нүкте қойғым келмейді. Бұл жеңіліс мені қатты күйзелтті. Мұның бәрі шынымен болғанына сену қиын болып тұр. Сауд Арабиясынан жеңілу - ақылға сыймайтын нәрсе. Бірақ футболда тіпті әлдеқайда әлсіз қарсыластардан да жеңілетін сәт болады», - деп келтіреді кіші Марадона сөзін Испанияның Marca басылымы.

2022 жылы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турынан кейін Сауд Арабиясы үш ұпаймен С тобының көшін бастады. Екінші және үшінші орындарды Мексика мен Польша құрамалары бөлісті. Ұпай жинай алмаған Аргентина құрамасы квартетті жабады.