Bugin

«Аукцион арқылы»: полиция көліктері сатылып жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция көліктерін сататыны жайлы 10-нан аса хабарландыру пайда болды. Олардың ішінде жол талғамайтын көлік пен бизнес-класс көліктері де бар, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқаны көрсетілген. Аталмыш мекенжайда көліктер расымен тұр екен. Бірақ онда барған тілшілер жауап беретін адам таппаған.

Атырау облысында да осындай хабарландыру көбейген. Жарнаманы әкімдік ұсынып отыр. «Бұл – құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы» дейді ондағылар. Ал қаланың полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы ештеңе айтпаған.

«Атырау облысы полиция департаменті теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда-саттық аукционында бағаны көтеру және бағаны төмендету әдістері арқылы өткізіледі. Бірінші сауданы өткізу қараша айына жоспарланған», - деді Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы Айнұр Шомирова.