Әлем

Әлемде жиі шағым түсірілетін әуежайлар анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде жиі шағым түсірілетін әуежайлар тізімі жарияланды. Бұл туралы Гавайдағы демалыс туралы жазатын Hawaiian Islands басылымы өз зерттеуінде жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Рейтинг көшінде ұлыбританиялық Манчестер қаласының әуежайы тұр. Бұл әуеайлағына шамамен 82,5 пайыз негативті пікір және шағым түсірілген. Пікірлерде негізінен «қысылу», «жетіспеушілік», «кезекте тұру» және «фарс» сынды сөздер жиі кездеседі. Антирейтингтің екінші орнында Крит аралында орналасқан Ираклионның «Никос Казандзакис» әуеайлағы тұр. Үшінші орын лондондық Станстед әуежайына бұйырды.

Одан кейін Торонтодағы Канада әуежайы мен Бордодағы француз әуежайы жағымсыз пікірлерге ие болған. Ұлыбританияның Лутон (Лондон) және Бристоль сынды әуеайлақтары, сондай-ақ Берлин, Брюссель және Бесінші республиканың (Франция) тағы бір әуепорты - Бове Тилле де ондыққа кірді.

Бір қызығы, жолаушылар ағыны бойынша әлемдегі ең көп жұмыс істейтін 20 әуежай ең «стресстік» 25 әуежайдың қатарына кірмеген. 

Мамандар бүкіл әлем бойынша 500-ден аса әуежайларда 1500-ден аса Google шолуларын қарап шықты. Әуежайлар наразылық туралы ескертулердің жиілігіне және пікір авторларының шағымының санына байланысты бағаланды.