Әлем

«Ресей Украинада химиялық қару қолдануы мүмкін» - АҚШ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байден әкімшілігінде химиялық қару қаупі байыппен қабылданып жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Politico басылымына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің шенеуніктері Ресей президенті Владимир Путинге қатысты пікір айтты. Олардың айтуынша, егер Путин әскері Украинадағы ұрыс алаңында жеңіле берсе, НАТО-мен ядролық қақтығысқа бармас бұрын, алдымен, Украинада химиялық қару қолдануы мүмкін деп есептейді.

Politico басылымының хабарлауынша, бұл мәселені білетін алты адамның алаңдаушылығы Байден әкімшілігінің одақтастардың мұндай оқиғаға дайын болуын қамтамасыз етуінен туған. Сондай-ақ анықтау жүйелеріне жаңа ресурстар мен инвестицияларды жұмылдыру әрекеті де әсер еткен. 

Аты-жөнін атамауды сұрағандар арасында АҚШ пен қорғаныс министрлігінің өкілдері де болды. Дегенмен АҚШ-тың Украинада мұндай шабуыл болуы мүмкін деп болжауға ешқандай барлау ақпараты жоқ. Шын мәнінде, АҚШ қорғаныс министрлігінің көптеген шенеунігі ұрыс қыс айларында тоқтайды деп болжайды. Сонымен қатар екі жақтың ешқайсысы көп позицияны басып ала алмайды деп есептейді.

«Осы мәселемен айналысатын кейбір жоғары лауазымды шенеуніктер Ресей әскері жеңіле берсе, Мәскеу химиялық қаруды қолдануы мүмкін деген қорытындыға келді. Мәселен Алексей Навальныйдың улануы кезінде қолданған әдіс бойынша жүзеге асуы мүмкін», - деп жазады Politico.

Мұндай шабуыл химиялық заттармен байланысты болуы мүмкін дейді. Бұл Батыс елдерінің Мәскеуге қарсы айып тағылуын қиындатады.

АҚШ Ресейдің химиялық қару әлеуетін арттыруға инвестиция салып жатқанын бұрыннан білетіні атап өтіледі. АҚШ конгрессмені көмекшісінің айтуынша, биыл күзде сенаторлар Ресейдегі химиялық қару қоры мен Украинадағы қауіп туралы ақпарат алған.

Politico басылымының хабарлауынша, Байден әкімшілігі ерте анықтау жүйелері мен маскалар өндірісіне инвестицияны ұлғайту жоспарларын әзірлеп жатыр.

Ресей армиясында қандай химиялық қару бар?

Егер Кремль мен Путиннің жеке ресми мәлімдемелеріне сүйенсек, 2017 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей Федерациясында химиялық қару жоқ және барлық 40 000 тонна кеңестік қор жойылды. Шындық белгісіз.

Сонымен бірге КСРО армиясында қызмет еткен ең көп таралған әскери улы заттардың шифрлары белгілі:

Қыша газы - R-5
Фосген - R-10
Льюзит - R-43
Адамсит - R-15
Сарин - R-35
Соман - R-55
Табун - R-18
Шинуклидил-3-бензилат - P-78
VR-R - 33.

Химиялық шабуыл немесе апат болған жағдайда не істеу керек:

терезелер мен есіктерді, желдеткіш саңылауларды, мұржаларды мықтап жабу;

терезелердегі жарықтарды қағаз немесе таспамен жабу;

қосымша нұсқаулар алу үшін теледидарды немесе радионы қосу;

жақын адамдарға қауіп, эвакуация туралы ескерту;

тұрмыстық техника мен газды өшіру.