Bugin
Соловьев Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің сынына жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратқа сүйенсек, ресейлік тележүргізуші өзінің онлайн-бағдарламасында саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің арандатушылық мәндегі сынына түсініктеме берді.
«Россия 1» телеарнасындағы бағдарламада ол шоудың басқа қатысушыларына «келесі проблема - Қазақстан екеніне назар аударуды» ұсынды. Онда Дробницкийдің пікірінше, Украинадағыдай «нацистік әрекеттер басталуы мүмкін».
Соловьев болжам жасап, ойын айтқан саясаттанушыны халық қорлап жатыр деп қынжылады. Тележүргізуші екі ел мен басшыларының арасындағы қарым-қатынас «тым құрмет пен сенімге толы» болғандықтан, халыққа тынышталуға кеңес берді.
«Маған эмоцияны шамадан тыс білдірген ұнамайды. Менің бағдарламамда Дмитрий Дробницкий Қазақстанда не болып жатқаны жайлы пікірін білдірді. Бізде сөз бостандығы бар. Мұны мемлекеттік қызметкер емес, адам айтып отыр. Ұнасын-ұнамасын, Дмитрийдің өз көзқарасы бар», - деді Соловьев.