Bugin
Алдағы желтоқсан айында «Абай жастары» бағдарламасы іске қосылады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, бағдарламаның әкімшісі - «Семей қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы» ММ бөлімі. Олар жобаны «Отбасы банк» АҚ-пен бірлесіп жүзеге асырады.
«Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Оның құрамына түрлі салада еңбек етіп жүрген жас мамандар мен отбасылар кіреді. Қазіргі уақытта халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік бағдарламаның ережесі әзірленді. Қатысу шарттары 1 желтоқсанда Семей қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланады» делінген ведомство хабарламасында.