Bugin
Елордада 11 жасар бала мысыққа барамын деп, өзенге құлап кеткен. Сол маңда серуендеп жүрген қала тұрғыны дереу көмекке ұмтылып, оны құтқарып қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Елена Шелестюк «Алатау» спорт кешенінің маңында серуендеп жүріп, өзеннен ашық қызыл түсті бас киімді байқайды. Мұқият қарағанында, иығына дейін суға батып, жанталасып жатқан баланы көреді де, тез жүгіріп барады.
«Өкінішке қарай мен жүзе алмаймын, бірақ қазір сені алып шығамыз деп, баланы барынша жігерлендіруге тырыстым. Оған мұзды судан шығуға көмектесу үшін жолға жүгіріп, көліктерді тоқтата бастадым. Жүргізушілермен бірге баланы өзеннен шығарып алдық. Оңай болған жоқ. Баланың киімі су, рюкзагы да әбден суға толып, оны төмен қарай тартқан. Оның үстіне, қатты қорыққан бала өз бетінше күресе алмаған», - дейді ол.
Аман қалған бүлдіршінді дереу ауруханаға жеткізіп, қажетті медициналық көмек көрсетті.
Анықталғанындай, бала жаттығудан шыққаннан кейін Ақбұлақ өзенінің бойымен үйіне бара жатып, мұзда отырған мысықты көреді. Төмен түсіп, оған бармақ болады. Алайда жұқа мұз бала басқан бетте бірден жарылып кетеді.
Баланың анасы мен полиция қызметкерлері батыл әйелге алғыс білдірді.