Bugin

Мектепте оқушыға қол көтерген мұғалім жұмыссыз қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі оқушыны ұрып-соққаны үшін жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Қайратұлы Бекетов 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалыққа қол көтерген.

«Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Бекетов бүгін 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалық деген оқушыны ұрған. Мұғалімнің түсініктемесі және Жаңаөзен мектеп-гимназиясының тәртіптік кеңесі комиссиясы отырысының негізінде Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды», - деді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаев.