Спорт
Айдос Ербосынұлының жұбайы да АҚШ-қа келді. Әрине, бұл боксшы үшін үлкен демеу, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының жағдайы едәуір жақсарып қалды. Қазіргі таңда ол тіпті өз бетінше қозғала да алады екен. Бұл туралы Айдостың ісін жүргізетін Suleimen Promotions компаниясы хабарлады.
«Бүгінгі таңда боксшымыз айтарлықтай жақсарып қалды. Ол өз аяғымен жүре алады, психикасы да жақсы күйде. Дәрігерлермен сөйлесіп, олардың сұрағына жауап бере алады. Мамандардың сөзінше, Айдос тез сауығып келеді. Тіпті жақын арада оны ауруханадан шығарып, отанына қайтуға мүмкіндік туатын сияқты. Сонымен бірге Айдостың жұбайы да АҚШ-қа келді. Әрине, ол Айдосқа үлкен демеу болып отыр», - дейді промоутер компаниясының өкілдері.